Қазақстан • 13 Сәуір, 2022

Қазақстан мен Ташкент автобус рейстері іске қосылады

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 сәуірден бастап Ташкенттен Қазақстан қалаларына автобус қатынасы қайта басталады. Көлік министрлігі бес қалаға рейстер кестесін және билеттер бағасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ташкент автобус рейстері іске қосылады

12 сәуірден бастап Ташкенттен Қазақстан қалаларына автобус рейстері қайта ашылады, деп хабарлады Өзбекстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Ташкент-Алматы: 16:00, 17:00, 18:00, 19:30 (200 мың Сумы).
Ташкент-Қызылорда: 19:00 (200 мың).
Ташкент-Нұрсұлтан: 18:00 (350 мың).
Ташкент-Түркістан: 19:00 (100 мың).
Ташкент-Шымкент: 12:00 (60 мың).

Автобустар «Ташкент» автовокзалынан («Алмазар» метро станциясы) шығады. 

Қазақстан 11 сәуірден бастап Өзбекстанмен құрлықтағы өткізу пункттерінде шекараны кесіп өтуге шектеулерді алып тастады.

Аяна Тоғанбек