Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Вьетнам құрамасын 2:1 есебімен ұтты.
Бірінші ойында Әмір Омарханов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0.
Тартысты өрбіген екінші матчта Данир Қалдыбеков те үмітті ақтады – 2:6, 6:2, 6:3.
Үшінші ойында Ә.Омарханов пен Виталий Зацепин ұтылып қалды.
Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Ертең қазақстандықтар D тобындағы соңғы матчын Таиландпен өткізеді.
Ширек финал жеребесі 13 сәуір күні кешкісін тартылады.
Аяна Тоғанбек