Пікір • 14 Сәуір, 2022

Даму – дұрыс тарих жасау деген сөз

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Жолдауда қозғалған өзекті мәселелер өте көп. Бірақ біз бір нәрсені түсінгеніміз абзал. Қоғамды өзгерту үшін өзімізді өзгертіп, заман ағымына ілесу арқылы өз қабілеттерімізді дамытсақ, мемлекетіміздің мерейі үстем болары анық.

Даму – дұрыс тарих жасау деген сөз

«Рухани жаңғыру» – тұрақты даму деген сөз. «Рухани жаңғырусыз» тұрақты даму мүмкін емес. Заман да, уақыт та өзгереді. Жаңа талаптар жаңа құндылықтардың пайда болуына себепкер болады. Халық та, қоғам да даму керек. Даму үшін, ең алдымен, өзіңді тануың керек. Даму – дұрыс тарих жасау деген сөз. Әспеттеген, әдемілеген тарих емес, шын мәнінде, өзінің ішіндегі қарама-қайшылығымен, кемшілігімен, соның бәрін анық, әділ сараптай алған тарихымыз болуы керек. Рухани жаңғыру мен өзгерудің түпкі мақсаты – қоғамдық сананы жаңғырту болған соң, әрине қыруар жұмыс атқарылары белгілі. Қалыптасқан заманауи қоғамға айналу үшін бұл жолды да жүріп өтуіміз керек. Сондықтан бұл міндетті бір ғана биліктің, не болмаса зиялы қауым өкілдерінің ғана иығына артылған жүк деп ұғынбауымыз керек. Қазақстандық әр азамат өз саласы бойынша дұрыс бағытта жұмыс істеп, ой елегінен өткізуге тиіс.

 

Марат СЫРЛЫБАЕВ,

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры