Аталған көпкүндікке қатысушылар қатарында Astana Qazaqstan Team клубының да велошабандоздары бар. Біздің команданың намысын қазақстандық Алексей Луценко мен Андрей Зейц, испаниялық Давид Де Ла Крус пен Хавьер Ромо, италиялық Самуэле Баттистелла, Фабио Феллине және Антонио Нибали қорғайды.
«Романдия туры» 1947 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұл додада ең көп олжаға кенелген Стивен Роуч. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары Ирландияның әйгілі спортшысы үш мәрте теңдессіз деп танылды. Қазақстандық велошабандоздар екі рет жүлдегерлер санатынан көрінді. Олар – Андрей Кашечкин мен Александр Винокуров. Алғашқысы 2007 жылы үздік үштікті қорытындыласа, екіншісі 2011 жылы дәл сол межеден көрінді.