Аймақтар • 14 Сәуір, 2022

Пара алған ақтөбелік шенеунікке сот үкімі шықты

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 13 сәуірде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен облыстық Экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 12 млн теңге сомасындағы айыппұл жазасына кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пара алған ақтөбелік шенеунікке сот үкімі шықты

Сонымен қатар экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Нұржан Аққұл өткен жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ұсталған.

Аталған параны бірінші санаттағы объектілер үшін эмиссиялардың қоршаған ортаға әсер етуіне рұқсат беруі және жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алған.

Аяна Тоғанбек