Қазақстан • 14 Сәуір, 2022

Сенат «кибербуллинг туралы» заң жобасын мәжіліске қайтарды

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенат отырысында депутаттар «кибербуллинг туралы» резонанс тудырған заң жобасын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат «кибербуллинг туралы» заң жобасын мәжіліске қайтарды

Cенаторлар заң жобасымен ұсынылған нормаларды мұқият зерттеп, түскен өтініштерді ескере отырып, оның бірқатар ұсынысын қайта қарауды ұсынды.

 Сондай-ақ құжатты мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.

«Сенаторлардың балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша мәлімдемелерге енгізген түзетулеріне сәйкес осы мақсатта арнайы құрылған сараптамалық топтар қаралады. Сонымен қатар сенаторлар заң жобасынан кең өкілеттіктерді алып тастады. Бұл уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілерге және мессенджерлерге қол жеткізуді шектеуге немесе олардың жұмысын тоқтатуға мүмкіндік берді. Сарапшылар тобы тек балаға қатысты кибербуллинг деп таныған ақпаратты ғана онлайн платформалар өкілдерімен бірлесіп жоюға баса назар аударады. Мұндай рәсім балаларға қатысты кибербуллинг фактілеріне жедел ден қою мен қоғамның ақпаратқа деген қажеттілігі арасындағы теңгерімді табуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», деді Мәулен Әшімбаев