Экономика • 14 Сәуір, 2022

Қазақстаннан 100 миллиард доллар заңсыз шығарылған

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 30 жыл ішінде Қазақстаннан 100 миллиард долларға жуық қаражат заңсыз шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстаннан 100 миллиард доллар заңсыз шығарылған

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрінен Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанға қайтаруды жоспарлап отырған заңсыз шығарылған капиталдың шамамен сомасын атауды сұрады.

«Сомаларға келетін болсақ, бұл қай кезең екеніне байланысты.  Негізінен, бірнеше ондаған миллиард доллар бар. Оларды қайтару туралы да түрлі механизмдер қарастырып жатырмыз», деп жауап берді Қуантыров.

Министрдің айтуынша, бұдан басқа капиталды қайтаруды шаралары Салық кодексінің түзетулер жобасына енгізілген.

«Егер біз, тікелей шетелдік инвестицияларды тартсақ, біздің көлеміміз 30 жыл ішінде 400 миллиард доллардан асады. Осыған дейін он миллиардтан аса қаражат шығарылған шығар, бірақ нақты соманы айту қиын. Мүмкін, шамамен 100 миллиард доллар болуы мүмкін», деп жауап берді министр.