Спорт • 14 Сәуір, 2022

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр

Балуандар Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ»  орталығында шеберліктерін шыңдауда. Грек-рим күресі шеберлерінің оқу-жаттығу жиындары 16 сәуірге дейін жалғасады. 

Айта кетейік, Азия чемпионатына Қазақстан сапынан 10 балуан қатысады. 

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар:

 55 келі: Аманғали Бекболатов 

 60 келі: Ернұр Фидахметов

 63 келі: Мирамбек Айнағұлов 

 67 келі: Мейіржан Шермахамбет

 72 келі: Абылайхан Әмзеев

 77 келі: Мақсат Ережепов

 82 келі:  Диас Кален

 87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

 97 келі: Санжар Серікқан

 130 кг: Әлімхан Сыздықов

Аяна Тоғанбек