− Ел тарихында алғаш өтіп отырған халықаралық жиынға әлемнің жетпістен аса мемлекетінің ақын-жазушылары келді. Соның қарсаңында тұтас сериялық телевизиялық хабар әзірлеп, алғашқысын Ғабеңнен бастадым.
Өйткені Ғабит аға 1958 жылы Ташкентте өткен Азия-Африка қаламгерлерінің бірінші конференциясына қатысқан. Онда заңғар жазушы Мұхтар Әуезов сөз сөйлеген. Ғабең осы хабарда сол жиыннан біраз естелік айтып, парасатты ой қозғады. Кейін бұл сұхбат «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрді.
Сондай-ақ аталған конференцияда қонақтарға Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық портретінен бір сағаттық хабар беріліп, осы сурет те көрсетілді. Менің Ғабеңмен жақын таныстығым осыдан басталды. Кейін сөз зергерінің 75, 80 жылдық мерейтойында мазмұнды әдеби хабар жасадым. Өзім үшін бағалы дүние санайтын сурет асыл ағамен алғашқы кездесудің естелігі болып қалды, − деп еді марқұм Сұлтан аға.