08 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің бұйрығы №43

328 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2013 жылғы 22 қараша Астана қаласы Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы Жарлығының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидалары бекітілсін. 2. Кадрлық қамтамасыз ету басқармасы (Ж.А. Нукушева) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (А.Т. Жуанышпаева) бірге осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы Т.Т. Ысмайыловқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Төраға           М.ӘЗІЛХАНОВ.  Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 22 қарашадағы №43 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары 1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) 2 тармағына сәйкес әзірленді 2. Қағида Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) мемлекеттік мінез-құлқының негізгі нормаларын белгілейді. 3. Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін атқару кезінде: 1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік қызмет саласында заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға; 2) азаматтар, лауазымды тұлғалар және діни бірлестіктер өкілдерінің өтініштеріне сыпайылық пен әдептілік танытуға; 3) Қазақстан халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне төзімділік пен құрмет танытуға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға; 4) елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, әртүрлі этникалық, әлеуметтік топтар мен конфессиялардың мәдени және басқа ерекшеліктерін ескеруге, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге ықпал етуге; 5) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектемеуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға; 6) қарамағындағы қызметкерлердің қызметтік өкілеттігінің міндеттері мен көлемін нақты анықтауға, орындау мүмкін емес тапсырмаларды бермеуге, қарамағындағы қызметкерлерден қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге; 7) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, Агенттіктің беделі мен абыройына нұқсан келтіретін жанжалды жағдайлардан аулақ жүруге; 8) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға; 9) құпия қызметтік ақпаратты жариялауға, сонымен қатар оның қызметтік міндеттерімен байланыссыз ақпаратты бермеуі немесе алмастырмауы тиіс; 10) Агенттіктің сеніп тапсырылған мемлекеттік меншігіне ұқыпты қарауға, оны ұтымды және тиімді пайдалануға; 11) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық талаптарды сақтауға, қызметтік және қызметтен тыс уақытта қоғам мүддесіне жат мінез-құлық жағдайларын болдырмауға; 12) Ар-намыс кодексімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаман белгіленген жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауға; 13) қызметтік сатылы дәрежені сақтауға, қызметтік, ресми талаптар шегінен шықпауға, төменгі тұрған лауазымды тұлғаның жоғары тұрғанға бағыну қағидатын қатаң сақтауға, қызметтік өкілеттігі шегінде берілген басшының тапсырмаларын бұлжытпай орындауы тиіс. 4. Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттің зайырлы негізін нығайтуға ықпал етуі керек: 1) көпшілік алдында сөйлеуде, ресми құжаттар, сараптамалық қорытындылар және басқа құжаттар дайындауда мемлекеттік принциптерді, ғылыми негізделген деректер мен жалпы адамдық құндылықтарды басшылыққа алуы керек; 2) мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға; 5. Агенттіктің қызметкерлері қызметтік мінез-құлықтарында: 1) жыныстық, жастық, нәсілдік, ұлттық, тілдік, азаматтық, әлеуметтік, мүліктік және отбасылық жағдайына, саяси және діни артықшылығы бойынша әртүрлі кемсітушілік сипаттағы сөздерден және қылықтардан тартынуы; 2) сыпайылық, әдептілік, өзара сыйластық таныту, дөрекіліктен, кемсітушілік танытудан, менсінбеушіліктен, теріс ескертулерден, заңсыз, жазықсыз кінә тағудан тартынуы; 3) қауіп-қатерлерден, қорлайтын сөздер мен репликалардан, қарама-қарсы жақтың мінез-құлығын шағыстыратын және дұрыс тілдесуге кедергі келтіретін әрекеттерден тартынуы; 4) ұжымда жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға ықпал етуі, қастықты, сыбысты, өсекті болдырмауы, кесуі керек. 6. Агенттік қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе Агенттіктің бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. 7. Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерінің сырт келбеті азаматтардың Агенттікке деген сыйластық қатынастарын қалыптастыруға, іскерлік, ұстамдылық, ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 25 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9020 болып енгізілді.