Үкімет металл экспортына уақытша тыйым салмақ. Бірақ бизнес өкілдері жартыжылдық шектеуді құптамай отыр. Олар мәселені қайта қарап, нарық ойыншыларының мүддесін ескеруді талап етуде. Әйтпесе пандемияның салдарынан титықтап қалған сала біржола тып-типыл болуы мүмкін.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Қазақстанның түсті және қара металл сынықтарын дайындаушылар мен қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Владимир Ликтің айтуынша, бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 28 наурыздағы отырысында қаралған. Бұйрық жобасын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлепті. Құжат «Ашық НҚА» порталына осы жылдың 18 сәуіріне дейін талқылау үшін орналастырылған.
Белгілі болғандай, түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ істен шыққан қорғасын аккумуляторларды, олардың қалдықтары мен сынықтарын елден көліктің барлық түрімен шығаруға уақытша тыйым салынбақ. Бұған қоса ел аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ ел аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері автомобиль көлігімен әкелінетін жылжымалы құрамның бұрын пайдаланылған элементтерін қоспағанда, қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сонымен қатар бұрын қолданыста болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның элементтерін ел аумағынан автомобильмен және теңіз көлігімен әкетуге алты ай мерзімге шектеу қойылмақ.
– Аталған мәселені қарастыру кезінде салалық қауымдастықтардың пікірі ескерілген жоқ. Біздің қауымдастықтың «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы ұсынған дәлелдері мен сұрақтары назарға алынбады. Ол аздай тот баспайтын болаттың сынықтары мен қалдықтары да шектеу шараларынан тыс қалмады. Қазақстанда, тіпті іргеміздегі Ресейдің өзінде сынықтар мен қалдықтардың аталған түрін өңдейтін бірде-бір кәсіпорын жоқ. Сондықтан біздің компаниялар тот баспайтын болатты негізінен Еуропаға экспорттайды. Ол үшін кәсіпорындар 5 пайыз мөлшерінде баж салығын төлейді. Мысалы, 20 тонна жүк артқан бір көліктен бюджетке орташа есеппен 1 450 000 теңге түседі. Бұл аз ақша емес. Енді осының бәрі тыйылмақ. Сол себепті Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа металдарды экспорттауға уақытша тыйым енгізу мәселесін қайта қарау туралы үндеу жолдадық. Біз министрлік дайындаған бұйрықтың қабылдануына қарсымыз, – дейді В.Лик.
Экспортты шектеу салдарынан саладағы кәсіпорындар жұмысын тоқтатып, мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Сол секілді бюджетке түсетін қыруар қаржы да көзден бұл-бұл ұшуы ықтимал.
– Қазақстанда түсті, қара металл сынықтарын дайындаумен және қайта өңдеумен айналысатын 2 мыңға жуық компания бар. Өкінішке қарай, олардың көбі пандемия кезінде жұмысын тоқтатты. Қазір нарықта нақты жұмыс істейтін 1 мыңға жуық компания қалды деп айтуға болады. Бұлар салықты уақтылы аударып, қызметкерлеріне жалақы төлеп отыр. Егер мәселе реттелмесе, кәсіпкерлердің көбі нарықтан кетеді. Бір компанияда шамамен 30-50 адам жұмыс істейтінін ескерсек, мыңдаған адам жұмыссыз қалады. Демек, мемлекет жұмыссыздық мәселесімен бетпе-бет келеді. Мәселен, теңіз жолы шектелетіндіктен Батыс Қазақстан облысындағы компаниялардың бәрі жабылады. Ал нарықтағы кәсіпорындардың үштен бірі осы өңірде шоғырланған. Көлікпен тасымалдау бұл өңірдің компаниялары үшін тиімсіз, – дейді қауымдастықтың бақылау кеңесінің төрағасы Артемий Филиппов.
Сондай-ақ нарық ойыншылары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қара металл сынықтарын жөнелтуді заңсыз реттеп отыр деп санайды. Министрліктің тыйым салуды негіздеу бойынша ұсынған материалдары үлкен күмән тудырады. Ал есепте ұсынылған деректер нақты картинаны көрсетпейді. Қауымдастықтың саладағы қайшылықтарды шешуге, ірі металлургия зауыттарының айналасында шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін металлургиялық кластердің тиімді жұмысын үйлестіруге қатысты ұсынған ұсыныстары қаралмаған, мәселелері шешілмеген.
– Екі жылдан бері министрлік біздің кәсіпорындардың қызметін заңсыз реттеп, әр айдың 25-ші жұлдызында есеп беруге шақырады. Кәсіпкерлер шикізаттың ішкі нарыққа жөнелтілуі туралы деректерді ұсынады, шенеуніктер ақпаратты теміржол қызметі ұсынған дерекпен салыстырады. Содан кейін ғана сыртқы нарыққа қандай көлемде шикізат жеткізуге болатыны айқындалады. Оның өзінде Ресей Федерациясына ғана металл экспорттауға рұқсат берілген. Бізге Әзербайжан, Қытай, Түркия, Өзбекстан нарықтары тартымды. Олар Ресейге қарағанда көп қаржы ұсынады. Бірақ министрлік бұл нарықтарға рұқсат бермей отыр. Өкініштісі, мұның бәрі ешқандай заңнамалық құжатпен реттелмейді, – дейді В.Лик.
Компаниялар шикізатты ішкі нарыққа жеткізуге де дайын. Бірақ зауыттардың барлығы бірдей уақытында есеп айырыспайды деп қапаланады. Сондықтан елдегі металлургиялық зауыттардан шикізатты, яғни қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жеткізетін компаниялар алдындағы берешектерін уақтылы өтеуді талап етіп отыр.
– Біз шикізатты елдегі зауыттарға жеткізуге дайынбыз. Бірақ үш шарт қатаң сақталса дейміз: нарықтық баға, зауыттардың дұрыс қабылдап алуы және уақтылы төлем. Осы шарттар орындалған кезде шикізат жеткізуге қатысты проблемалар да өздігінен жойылады. Тиісінше, министрлік тарапынан заңсыз реттеудің де қажеті болмай қалады, – дейді кәсіпкер Николай Клобу.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық зауыттарға шикізат жетіспейтіндіктен металл экспортына тыйым салып отыр. Сондықтан ведомство металл сынықтарын дайындаушыларды 50/50 жүйесімен жұмыс істеуге міндеттейді. Яғни экспортқа қанша көлемде шикізат жөнелтсе, сонша көлемде жергілікті зауыттарға шикізат ұсынуы керек.
– Металл сынықтарын автокөлікпен экспорттауға қатысты тыйым әрқашан болған және оны әр алты ай сайын үнемі ұзартып отырады. Біз бұған қарсы емеспіз. Бірақ қазір министрлік бұйрық жобасына теңіз арқылы экспорттауды, сонымен қатар түсті металдар сынықтарын экспорттауды қосып отыр. Біз мұны заңсыз реттеу әрекеті деп түсінеміз. Жобаға сәйкес, түсті металдардың сынықтарын экспорттауға толық тыйым салынады, ал қара металдар бойынша 50/50 жүйесі сақталады. Мәселен, біз «АрселорМиттал Теміртау» зауытын шикізатпен 100 пайыз қамтыдық. Жыл басынан бері компания сатып алу көлемін қысқартты. Жергілікті зауыттар уақтылы есеп айырыспай, әлек қылады. Мұндай жұмыс тәсілі бізге тиімсіз, шығынға батамыз. Бүгінде металлургиялық зауыттар шикізат жеткізушілерге 923,5 млн теңге қарыз. Олардың мұны қашан қайтаратыны әлі белгісіз, – дейді В.Лик.
Қысқасы, енді теңіз жолы жабылса, саладағы кәсіпорындар Шымкенттегі металлургиялық зауытқа қажетті металл сынықтарын Ақтау мен Атыраудан жеткізуге мәжбүр болмақ. Нарық ойыншылары бұған да дайын. Тек тасымалдау тарифтері төмендетілсе екен дейді. Әйтпесе, мұның бәрін кәсіпкерлердің өздері төлеуі керек. Олар министрлік ұсынған реттеу әдісі нарықтық жүйеге тән емес дейді.
– Сондықтан зауыттар шикізат жеткізетін компаниялар алдындағы берешекті уақтылы қайтаруы қажет. Сондай-ақ зауыттар мен шикізат жеткізушілер арасында ұзақ мерзімді келісімшарт жасалғаны дұрыс. Одан кейін зауыттар шикізатты қабылдап алу үдерісін жетілдіруі керек. Қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу мерзімін қысқарту маңызды. Металлургиялық кәсіпорындар үшін қара металл сынықтарын жеткізу бағасының формуласын әзірлеу мәселесі шешілген жоқ. Шикізатты зауыттарға тасымалдау кезінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тарифін 50 пайызға төмендету керек. Тасымалдау үшін жеткілікті мөлшерде жылжымалы құраммен, яғни жартылай вагондармен қамтамасыз ету мәселесі де шешілмеді. Вагондарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем үнемі артып келеді. Шикізатты зауыттағылар түсіріп алады. Оның нормативтік мерзімі бекітілген. Одан асып кетсе жүк жөнелтушілер бос тұрып қалады және негізсіз айыппұл арқалайды. Бұл да дұрыс емес. Міне, осы мәселелер ескерілсе екен дейміз, – деп нақтылады В.Лик.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар