Қазақстан • 15 Сәуір, 2022

Skills Enbek платформасы білім беру алаңдарымен интеграцияланады

197 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қазақстандықтардың кәсіби бәсекеге қабілеттігін арттыру және қайта даярлау мен жаңа кәсіптерді игеру үшін мүмкіндіктерді кеңейту туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде екі отандық IT-компаниямен – Courstore онлайн-білім беру платформасымен және WELLDONE Company онлайн-курстарын әзірлеуші компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Ынтымақтастық шеңберінде Skills Enbek платформасын пайдаланушылар үшін қысқамерзімді онлайн курстар базасын интеграциялау және кеңейту көзделеді.

Skills Enbek платформасы білім беру алаңдарымен интеграцияланады

Қазіргі уақытта онлайн-оқытудың бірыңғай алаңын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Күн сайын онлайн білім беру сұранысқа ие бо­ла түсуде. Жылдам өз­ге­рістер жағдайында ол икемді, мүмкіндігінше те­зірек өз дағдыларын же­тіл­діруге мүмкіндік бе­реді. Сондықтан біз Skills Enbek өнімін жоспар­лы түрде дамытуды жал­ғас­тырамыз және оны барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді етуге тырысамыз. Бірнеше білім беру платформаларының интеграциясы азаматтарға әртүрлі бағыттар бойын­ша сапалы онлайн курстардың кең базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл платформаның сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқы­ту саласында нағыз бірың­ғай терезе болуына мүмкіндік береді», деді ЕРДО президенті Дәулет Арғындықов.

Courstore – оқыту мен оқытуға арналған білім беретін онлайн-платформа, онда 10-нан астам санат бойынша 60-тан астам курс­тар ұсынылған.

WELLDONE Compa­ny – бейімделу курсынан бастап корпоративтік онлайн-академияға де­­й­ін онлайн курстарды әзір­леу бойынша жетек­ші компаниялардың бі­рі. Олар­дың ішінде Қазақ­стандағы алғашқы және жалғыз киберқауіпсіздік негіздері бойынша корпо­ративтік курс «C. Y. B. E. R. Агенттер».

Skills Enbek платфор­масы маркетплейс қағи­даты бойынша курс­тар­ға қолжетімділік бере­тін ха­лықаралық оқы­ту алаң­дарының қазақ­стандық баламасы болып саналады. Онда кез келген адам оқи алады жә­не оқу аяқталғаннан кейін Электронды ең­бек бир­жа­сын­дағы түйін­демеде автоматты түрде көрсетілетін сер­тификат ала алатынын еске сала кетейік.

Іске қосылған сәттен бас­­тап Skills Enbek-те 96 мамандық бойынша 100-ден астам курс орна­ласты­рыл­ған, оның ішінде 60 курс тегін. Тір­келген пайдаланушылар саны 19 мың адамға жетті, олардың 11 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сер­тификат алды. Оның ішін­де 6 мыңы жұмыссыз адам­дар мәртебесіне ие, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.