Бұл ретте IT-шешімдердің экспорты отандық экономиканы әртараптандырудың маңызды бағыттарының бірі болуға тиіс. Ішкі нарықта да ұсынылатын қызметтердің сапасы ұдайы артуы қажет. Алайда қазіргі уақытта байланыс тұтынушылары жеке қызметтердің, атап айтқанда, байланыс қызметтерінің сапасына шағымданады.
Осы орайда СИМ ТРМК ҚазСтандарт ЦДИАӨМ, әкімдіктер, «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы, «Қазақстанның ұлттық телекоммуникациялық қауымдастығы» ЗТБ және байланыс операторларының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кейбір өңірлерде интернет пен байланыстың жоқтығы, телевизиялық хабар тарату тарифтері, зейнеткерлерге жеңілдіктер ұсыну мүмкіндігі мәселелері талқыланды.
ҚазСтандарт өз кезегінде байланыс қызметтеріне арналған кейбір ұлттық стандарттарды нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме ретінде қосуды ұсынды.
Бұдан басқа, интернеттің сапасын арттыру үшін Ұлттық стандарттау жоспары шеңберінде «Интернетке қолжетімділік» қызметінің сапасы» ұлттық стандартын әзірлеу ұсынылды.
Қазақстан Республикасының барлық ұлттық стандарттары https://ksm.kz/ сайтында ақысыз негізде қолжетімді.