Қазақстан • 15 Сәуір, 2022

E-SHANYRAQ цифрлы жүйесі бойынша тексереді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұры­­лымдық даму министрлігі соңғы 3 жыл­да пайдалануға берілген 45 млн шаршы метр тұрғын үй бойын­ша статистикалық дерек­тер­дің дұрыстығын тексеру мақса­тында мониторинг жүргізуде.

E-SHANYRAQ цифрлы жүйесі бойынша тексереді

Осылайша, ведомствоның жұмыс тобына жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері, «Мемградкадастр» РМК, өңірлік статистика департамент­терінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ өкілдері кірді. Тексеру барысында сәулет органдарында есепке қойылған объектілер бойынша дерек­терді статистика органдарымен және басқа да органдардың деректер базасымен салыстырып, тексеру жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмысты сәуір айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамы­тудың қазақстандық орталығы» АҚ жергілікті атқарушы органдармен бір­ле­сіп, өңірлерде көппәтерлі тұрғын үй­лер­ді басқарудың тіркелген жаңа ны­сан­дарының саны бойынша мониторинг жүргізуде. Қазіргі уақытта ревизия Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Жам­был облыстарында жүзеге асырылды. 

Сонымен қатар өңірлердегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының E-SHANYRAQ цифрлы жүйесі бойынша да тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған платформа әртүрлі коммуналдық ақпараттық жүйелерді біріктіріп, мемлекеттік органдар үшін аналитикалық орталық болып отыр. Жоба мемлекет-жекеменшік әріптестігі шеңберінде бюджеттік қаржыландырусыз істейді. Платформаны 2022 жылдың жазында іске қосу жоспарланған.

Айта кетерлігі, E-SHANYRAQ ақпа­раттық жүйесі – республиканың бар­лық тұрғын үй-коммуналдық инфра­құрылымын цифрландыруға мүмкіндік беретін және саланың ашықтығын арттыру барысындағы ауқымды жоба.