Спорт • 15 Сәуір, 2022

Балғын балуандар белдесті

30 рет көрсетілді

Қызылордада еркін күрестен жас­өспірімдер арасындағы (U-17) Қазақ­стан біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің барлық өңірінен келген балғын балуандар бақ сынады.

Аса жеңіл салмақта түркістандық Нұр­асыл Асамбектің асығы алшысынан түсті. Аса шиеленісті өткен финалдық сайыста ол ақтөбелік Ерхан Меделбайдан айласын асырды. 71 кило салмақта дәл сол өңірдің өкілі Бекарыс Бақытжанның бағы жанды. Шешуші бәсекеде Бекарыс қызылжарлық Әлішер Жолдасбайды жеңді. Шығыс Қазақ­стан облысының жас өрендері де бас жүл­денің екеуін олжалады. Оның иегер­лері – Дарын Әскербек (55 кило) пен Айқын Болатұлы (65 кило). Дәл сол секілді Қара­ғандыдан келген қырандар арасынан Асхаб Хаджиев (80 кило) пен Әлихан Құсайы­новтың (110 кило) мерейлері үстем болды.

Ал өзге салмақ дәрежелерінде ақмолалық Рамиль Расим (48 кило), жамбылдық Нұр­данат Айтанов (51 кило), ақтөбелік Ақарыс Қалиев (60 кило) және маңғыстаулық Камиль Круглиев (92 кило) сынды балуандар жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда троллейбус өртенді

Оқиға • 24 Маусым, 2022

ТүркПА-ның атауы өзгереді

Парламент • 24 Маусым, 2022

Ұқсас жаңалықтар