Спорт • 15 Сәуір, 2022

Финал Малагада өтеді

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық теннис федерациясы 2022 және 2023 жылдары Дэвис кубогының финалдық сайыстары нақты қай жерде өтетіні жайында ақпаратты жария етті.

Финал Малагада өтеді

Аталған жарыстың топтық бәсекелері 14-18 қыркүйек күндері Италияның Болоньясы, Шотландияның Глазгосы және Германияның Гамбургінде ұйымдастырылады. Осы турнир­ді қабылдайтын тағы бір қала осы айдың соңында анықталады. Ал финал­дық сайыс­тар 21-27 қараша күндері Испа­нияның Малагасында өтеді. Биылғы маусымда Дэвис кубогын иелену үшін 16 команда кортқа шығады. Олар – Хорватия, Сербия, Ұлыбритания, Канада, Аргентина, Аустралия, Бельгия, Франция, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Нидерланд, Испания, АҚШ, Швеция және Қазақстан құрамалары.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Мала­гада өткен турнирдің ақтық сынында Ре­сей мен Хорватия құрамалары кездесіп, ал­ғашқылары жеңіске жеткен еді. Бірақ Украи­надағы жағдайға байланысты ресейлік теннисшілер биылғы додадан шеттетілді.