08 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №908

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2013 жылғы 20 қараш Астана қаласы «Авиациялық оқиғаларды болдырмау үшін ең мүдделі және міндетті тексеруге жататын Инциденттер тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі №368-1 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 2008 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Авиациялық оқиғаларды болдырмау үшін ең мүдделі және міндетті тексеруге жататын Инциденттер тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі №368-1 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу реестрінде №3157 тіркелген). 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы (Н.Т. Аққұлов) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр            А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.