Қоғам • 15 Сәуір, 2022

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-дағы тексеріс қорытындысы шықты

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоспардан тыс тексерістен кейін «Астанаэнергосбыт» ЖШС астаналықтарға электр энергиясына төлемдерді негізсіз өсіргені белгілі болды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-дағы тексеріс қорытындысы шықты

«Астаналық тұтынушылар өтініші негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментпен бірігіп «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты электрмен жабдықтау қызметтері үшін төлемге көтеріңкі шоттар қоюдың негізділігі тұрғысынан жоспардан тыс тексеру өткізді», делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сай «Астанаэнергосбыт» ЖШС бағаларды мемлекеттік реттеу, оның ішінде баға белгілеу тәртібін сақтау жөніндегі міндет қолданылатын қоғамдық маңызы бар нарықтың субъектісі саналады.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС әрекеттерін тексеру қорытындылары бойынша электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау кезінде төлем сомаларын есептеу тәртібін бұзу анықталды, бұл тұтынушыларға төлемге қойылған негізсіз жоғары сомаларға алып келді. Тексеру барысында жүгінген 56 тұтынушының 32-сіне 129 мың теңге мөлшерінде негізсіз сома қойылғаны анықталды. Мысалы тұтынушылардың бірі бойынша төрт айда артық төлемнің жалпы сомасы 17 мың теңге болған (Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылардың кВт/сағ үшін 4,5 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы орташа төлем кезінде)», делінген хабарламада.