«Қазір геосаяси жағдайға және өз ресурстарымызды қайта қарауға байланысты «ҰАТ» АҚ-мен Қазақстандық IT-компанияларды тарта отырып, платформаны өз күштерімен жасау туралы шешім қабылданды», деді А. Жамбакин.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта платформаға техникалық-экономикалық талдау жүргізілуде.
«Бұл жобаға 2-3 жылға жуық уақыт кетеді, осы жылдың соңына дейін жаңа платформаның алғашқы сервистері әзірленіп, қолданысқа енгізіледі», деп қосты ол.
Бұған дейін Қазақстанда жаңа цифрлық платформаны енгізу үшін ресейлік «Сбер» компаниясы таңдалған болатын. Кейінірек Қазақстан үшін eGov-ты Сбербанк платформасына ауыстыру туралы мәміледен бас тартты.