Қазақстан ерлер арасында ішімдік бойынша ел рейтингіне 11-ші орын, ал әйелдер арасында 19-шы орында тұр. ҚР-да ер адамның алкогольге тәуелділік деңгейі 9,52%-ды, әйелде 1,48%-ды құрады.
Ерлер арасында алкоголь ішу бойынша алғашқы үштікке Ресей, Венгрия және Литва мемлекеттері, әйелдер арасында Австралия, Ресей және Колумбия елдері кіреді.
2021 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда алкоголь өнімдері сегментінде арақ өндірісі бірден 60,3%-ға 5,7 млн литрге дейін өскен.
Плюс және Бренди өндірісі 6,3% ,яғни 1,8 миллион литрге дейін, шарап өндірісі жылына 3,5%-ға 2,7 млн литрге дейін, сыра 2,5%-ға 91,1 млн литрге дейін қысқарды.
Коньяк пен жүзім шарабын шығарудың ең көп көлемі Алматы облысына, арақ – Ақмола облысына, сыра – Алматы қаласында.
Аяна Тоғанбек