Аймақтар • 15 Сәуір, 2022

Павлодар мектебіндегі өрт: дәрігерлер балалардың жағдайын айтты

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт кезінде зардап шеккен мектеп оқушыларының денсаулық жағдайы белгілі болды. Дәрігерлер балалардың жағдайын көмірқышқыл газына улану салдарынан орташа ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар мектебіндегі өрт: дәрігерлер балалардың жағдайын айтты

Павлодар мектебіндегі өрттен бес қыз зардап шекті. Өрт орнына жедел жәрдем бригадалары мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді.

Дәрігерлер екі қызды тексеріп, ата-анасына тапсырғаны атап өтті. 2008 жылы туған оқушыға жеңіл дәрежедегі түтіннен улану диагнозы қойылған.

Ал 2007 жылы туған оқушының күйзеліске реакциясы қатты. 2005 және 2006 жылы туған үш қыз бала көмірқышқыл газының уытты әсері диагнозымен соматикалық бөлімшеге шұғыл түрде жатқызылды.

Павлодардағы №1 орта мектепте 15 сәуір күні таңертең өрт болған еді. Өрт салдарынан 479 адам эвакуацияланып, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.