Аймақтар • 16 Сәуір, 2022

ШҚО-да 15 күнде 150 дала өрті тіркелген

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында сәуір айының басынан бері 150 дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да 15 күнде 150 дала өрті тіркелген

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде сәуір айында басталған өрт қаупі жоғары кезең 180 күнге созылады.

«Осы кезеңде орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатындағы іс-шаралар жоспары бекітілді. Бірлескен рейд жүргізу үшін азаматтық қорғау қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды. «Geosat» ЖШС-мен термонүктелер бойынша ғарыштан мониторинг жүргізу үшін тиісті шарт жасалды. Бүгінгі таңда осындай бақылаудың көмегімен құтқарушылар өрттің таралуын уақтылы тежеп үлгерді», делінген ақпаратта.

Осы ай басталғалы бері аймақ бойынша 150-ге жуық дала өрті шыққан. ТЖД қызметкерлері күн сайын 30 ретке дейін қызыл жалынды сөндіруге шығады.

«Саяжайлардағы өрттің көпшілігі көктем кезінде болады. Үй иелері өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзып жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 336-бабына сәйкес осы талаптарды сақтамаған адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», дейді департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Өміржанов.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30