Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Шафатовтың айтуынша, МО ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарымен байланыс пункіне өрт туралы хабар сағат 10:10 минутта түскен.
Құрылыстың бірінші қабаты толықтай жанып кеткен. Жану аумағы - 150 шаршы метр. Ғимараттың жалпы аумағы 21 мың шаршы метр.
- Өрт сөндіруге департаменттен 6 техника, 12 қызметкер жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ, - деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Шафатов.