Әлем • 17 Сәуір, 2022

Туннисте дизель артқан танкер суға кетті

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тунис жағалауында 750 тонна дизель отыны тиелген танкер суға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Туннисте дизель артқан танкер суға кетті

Кеме Экваторлық Гвинея Республикасының туымен Египеттен шығып Мальтаға бет алған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты экипаж Тунис аумағына өтуге рұқсат сұраған.

Кейін Габес шығанағында танкердің астынғы бөлігіне су кіріп, апатқа ұшыраған. Құтқарушылар борттағы 7 адамды құтқарып үлгерді. Тунис билігі әзірше жанармайдың суға төгілу қаупі жоқ екенін айтады.  Экологиялық апаттың алдын алу үшін арнайы комиссия құрылды.