Экономика • 18 Сәуір, 2022

Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осипов Қазақстан өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеді

«2022 жылғы наурызда елде жылдық инфляция 12%-ды (ақпанда - 8,7%) құрады. Өңірлер бөлінісінде жылдық инфляция барлық 17 өңірде жеделдеді», деді И. Осипов.

Оның мәліметінше, ең жоғары жеделдету Ақтөбе облысында (ақпан айында 9%-дан наурыз айында 12,9%-ға дейін) және Шымкентте (8,5%-дан 12,4%-ға дейін) тіркелген.

«Наурызда азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 15,4%-ға дейін өсті (ақпанда - 10%). Осы топтың тауарлары бағасының ең жоғары өсуі Ақтөбе облысында қалыптасты (18,5%). Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсу қарқыны да 10,9%-ға дейін өсті (ақпанда - 8,6%). Ең жоғарғы мәні Ақмола облысында (12,4%), ал ең төменгі мәні Батыс Қазақстан облысында (9,2%) тіркелген», деп қосты ол.