Спорт • 18 Сәуір, 2022

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы топ жарды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өтіп жатқан әлем кубогы сериясының үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан гимнастика федерациясына сілтеме жасап. 

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы топ жарды

Алғашқы екі кезең Афина мен Софияда өтті. Қазақстан командасы көркем гимнастикадан топтық жаттығуларда Ташкенттегі әлем кубогында көпсайыста қола медаль ұтып алды.

Команда құрамында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.

Болгариядан келген жеңіл атлеттер алтыннан алқа тақты, ал Өзбекстан құрамасы күмісті еншіледі.

 

Соңғы жаңалықтар