09 Сәуір, 2014

Сұлтанмахмұт музейі жүдеп тұр

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Торайғыр ауылындағы Сұл­­танмахмұт ақынның музей үйі төбесінен су ағып, қабыр­ға­лары құлайын деп тұр. Ақын кесенесі де осындай күй ке­шіп тұрған көрінеді. Егер ауылда ақынның музей-үйін сақтап, қолданыста ұстап тұруға мүмкіндік болмаса, аудан орталығы Баянауылға көшіріп, жәдігерлерді сақтап қалуға да болар еді. Бірақ, музей ауыл-ел үшін де керек. Ауыл жұрты Сұлтан­­­махмұттың музейін көненің ­­­­кө­­зіндей, ақын­ның өзін­дей көреді. Онда ол өмір сүрген кездегі тұрмыстық бұйымдар, замандастарының әр жыл­­дар­дағы фотосуреттері, шығар­ма­лары, басқа да бағалы дүние­лер­ді қосқанда 300-ге жуық жә­дігерлер бар екен. Табиғаты көз сүйсіндірер Баянауылдан ту­ризм кластерін құрамыз деп жа­тырмыз. Торайғыр ауылы, Торайғыр көлі, айнала биік таулар, Сұлтанмахмұт кесенесі – бәрі де этнографиялық-экологиялық танымдық туризмге сұранып дайын-ақ тұр. Сұлтанмахмұттың музей-үйінің күрделі жөндеуден өткізіліп сәулеттендірілуі туризм бағытындағы жоспар-жобалар құрамына қосылуы керек деп ойлаймыз. Музей директоры Нағима Серікбаева көп жылдан бері қызмет жасап келеді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары Еркін Әпеков, Арқарбек Бейсенбаев, Гүлжан Есмағамбетова қолдан келгенше қоршаусыз тұрған үйді жыл сайын әктеп, тазалап, аулаға гүл егумен айналысып жүр. Ауыл мектебінде жыл сайын «Сұлтанмахмұт оқулары» өткізіледі. Әрбір торайғырлық үлкен-кіші, оқушылар ақын өлеңдерін жатқа біледі. Әрине, олар үшін Сұлтанмахмұт му­зей-үйі қастерлі. Өсіп келе жат­қан жас балғындарға та­ным­­дық тәрбие орталығы. Ақын «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн боламын», «Күн сөнгенше сөнбейміз», деп кетті. Құдайға шүкір, қазір Сұлтанмахмұт армандағандай қазақтың көзі ашылды, өркениет жолына түсті. Осыдан 20 жыл бұрын ақынның 100 жылдық мерейтойында ашылған музей үйінің қазіргі көріксіз күйі басшылар назарынан тыс қалып, құлауға шақ тұрғаны тиісті орын­дарға, әсіресе, әкімқараларға сын болып тұрғаны анық. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы, Баянауыл ауданы.