Турдың орталық ойынында кейінгі екі жылдағы ел чемпиондары – «Тобыл» мен «Қайрат» клубтары кездесіп, аса тартысты өткен бәсекеде командалар тең түсті – 2:2. Екінші таймда «Тобыл» 2:1 есебімен алға шыққанымен, матч соңына дейін жеңісті уысында ұстап тұра алмады. Кездесудің 99-минутында алматылықтар таразы басын теңестіріп кетті. Екі көшбасшы команда ұпай бөліскенін тиімді пайдаланған «Каспий» өз алаңында «Атырауды» жеңіп, турнир кестесінде 13 ұпаймен жеке-дара көш бастады.
Сонымен қатар бұл турда биылғы чемпионаттың дебютанттары –«Мақтаарал» мен «Ақсу» клубтары Түркістанда жолығып, алғашқысы чемпионаттағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді – 2:1. Ал елорданың «Астанасы» сырт алаңда «Ақжайықтан» жеңіліп, турдың сенсациясын тіркеді – 1:0. Қалған ойындардың нәтижесі: «Тараз» – «Шахтер» – 2:1, «Тұран» – «Ордабасы» – 0:0, «Қызылжар» – «Ақтөбе» – 1:1.
Ертең басталатын VII турда «Астана» – «Каспий», «Атырау» – «Тобыл», «Ордабасы» – «Қызылжар», «Қайрат» – «Тұран», «Шахтер» – «Ақжайық», «Ақтөбе» – «Мақтаарал» және «Ақсу» – «Тараз» клубтары кездеседі.