Теннис • 19 Сәуір, 2022

Қарсыластары анықталды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде теннистен 14 жасқа дейін­гілер арасында World Junior Tennis Competition 14&under Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қарсыластары анықталды

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша, қазақстандық теннисші қыздар D тобында Өзбекстан, Иран және Непал құрамаларымен сынға түсетін болды. Кеше жерлестеріміз Непал теннисшілеріне қарсы алғашқы ойынын өткізді. Ал жалпы іріктеу турнирі 18-23 сәуір аралығында өтеді. Бұл сында ел намысын Ева Корышева (Ақтөбе), Ариана Гогулина (Нұр-Сұлтан) және Сәтима Төреген (Алматы) қорғайды. Команда капитаны – Мұқам Ерматов.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында теннистен Қазақстан қыздар құрамасы Билли Джин Кинг кубогы жолындағы жарыс­тың іріктеу кезеңінде Германия құрама­сынан басым түсіп, тұңғыш рет аталған тур­нирдің финалына жолдама жеңіп алған еді.

Соңғы жаңалықтар

Ішкі нарықты қорғау міндеті

Саясат • Бүгін, 09:05

Оңтайлысы онлайн төлем бе?

Қаржы • Бүгін, 09:00

Несие мен несібе

Қаржы • Бүгін, 08:55

Құқыққа – сенім, тәртіпке – құрмет

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:35