Аймақтар • 19 Сәуір, 2022

Ақтөбеде қаржы пирамидасы анықталды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігі Ақтөбелік тұрғындарды алдаған GAP қаржы пирамидасын анықтады. ҚР ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі «Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде қаржы пирамидасы анықталды

«Ұйымдастырушылар азаматтарға бастапқы жарнасы 10% болатын тұрғын үй немесе автокөлік сатып алуды ұсынған. Осылайша қаржы пирамидасына активтер тартылды», делінген Қаржы мониторингі агенттігі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Қостанай мен Шымкентте GAP қаржы пирамидасы өкілдіктерінің қызметі тоқтатылған еді.