Аймақтар • 19 Сәуір, 2022

Маңғыстау облысында жаңа кен орны іске қосылды

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейнеу және Маңғыстау аудандарымен шектес аумақта орналасқан «Тепке» деп аталатын жердегі мұнай-газ кен орнында бұрғылау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында жаңа кен орны іске қосылды

Бұл Тәуелсіздік алған 30 жылда табылған аймақтағы құнды көмірсутектердің ең үлкен қоймасы. Кен орынға геолог-барлаушы Халел Өзбекғалиевтің есімі берілген. Бұрғылау жұмыстарына Маңғыстау және Бейнеу аудандарының әкімдері және инвестор «Меридиан Петролеум» компаниясының вице-президенті Есен Күмісқалиев пен «Тепке» ЖШС бас директоры Қарамурзиев Беркін қатысты.

Жаңа кен орынды барлау жұмыстары бір жыл бұрын басталған. Осы кезге дейін Бейнеу ауданының Төлеп және Маңғыстау ауданының Сай-Өтес ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіліп, ашық тыңдаулар ұйымдастырылды.

«Бүгін біз тарихи сәтке куә болып тұрмыз. Биыл кен орында тәулігіне 1000 тонна қара алтын өндіру жоспарда бар. Алдағы уақытта Бейнеу және Маңғыстау аудандарының 150-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамтып, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімізді қосамыз. Бұл жұмыстар алдағы бес жылға жоспарланып отыр», деді Е. Күмісқалиев.

Жақын күндері компания аудан басшыларымен екі жақты меморандум жасап, жоспар бекітіледі.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35