«Өткен жылы өңірде 408 адамды кене шаққан, бұл оның алдындағы эпидемиялық маусыммен салыстырғанда 9 %-ға артық. Бүгінде кене шаққан 6 адам дәрігерге көрінген, олардың үшеуі – бала», делінген СҚО санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада.
Былтыр өңірде 9 адам кене энцефалитін жұқтырса, биылдыққа ондай ауру тіркелмеген.