Президент • 19 Сәуір, 2022

Президент «University Medical Center» қорының басқарма төрағасын қабылдады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысына корпоративтік қор жұмысының нәтижелері мен жетістіктері, сондай-ақ осы инновациялық медициналық орталықтың даму перспективалары туралы мәлімет берілді, деп хабарайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент «University Medical Center» қорының басқарма төрағасын қабылдады

Атап айтқанда, Юрий Пя Президентке Назарбаев университетіне қарасты медициналық мектеп жанынан Академиялық медициналық орталық ашу жоспарын айтты. Оның пікірінше, мұндай орталықтың ашылуы клиникалық білім беру деңгейін көтеруге және оны халықаралық стандартқа сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бұл орталықтың жұмысы ғылыми-зерттеу, білім беру және клиникалық қызметтің синергиясы негізінде озық білім мен тәжірибені пайдалануға, жаңа формациядағы медицина саласының мамандарын даярлауға, емделушіге бағдарланған медициналық жәрдем беру жүйесін дамытуға бағытталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау сапасын арттырудың, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етудің аса маңызды екенін атап өтіп, отандық медицинаны жаңғыртуға бағытталған жоспарына оң баға берді.

Аяна Тоғанбек