Қоғам • 20 Сәуір, 2022

Темір жол қатынасы ашылады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресей темір ­жол әкімшіліктері ара­сын­дағы екіжақты уағда­ластық негізінде 2022 жылы 20 сәуірден бас­тап «Атырау – Ас­трахань» қа­ты­­насындағы №625/626 халық­аралық жолаушылар пойызы қаты­найды. Құрам ағымдағы жыл­дың 20 сәуірінен бастап жұп күндері, ал Астраханьнан Атырауға - 2022 жылдың 21 сәуірінен тақ күндері күнара жиілігімен жөнелтіледі.

Темір жол қатынасы ашылады

Жол жүру құжаттарын (билет­терін) рәсімдер алдында жолаушылардан Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Ше­кара қызметінің сайтында ор­наластырылған карантиндік шек­теу­лер кезеңінде елдің Мемле­кет­тік шекарасын кесіп өту тәр­тібінің талаптарын мұқият оқып шығу және сақтау керек.

Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге темір жол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анық­таманың болуы міндетті. Бұл берілген күннен бастап 72 сағаттан аспауы тиіс. Немесе коронавирус індетіне қарсы екпе алғаны және ревакциналаудың толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы мөлшерін алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім). Еске сала кетейік, бұл Қазақстан Республикасы ведомствоаралық комиссиясының шешімі. Егер жолаушыда ПТР тестінің нәтиже­­лері немесе COVID-19 вакцинациясы­ның паспорты болмаса, онда ол вагонға отырғыуға жіберілмейді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өз жолаушыларына адамдар көп жи­налатын жерлерде бетпер­де кию тәртібін сақтауға кеңес береді. Жолаушылар пойыздары­ның қоз­ғалыс кестесі бойынша анық­та­малық ақпаратты «1433» нө­мірі бо­йынша және Bilet.railways.kz. сай­тынан алуға болады.