Әйелдер арасында 45 килода сынға түскен Шығыс Қазақстан облысының өкілі Александра Беленко екі жаттығуда 135 (59+76) килоны еңсеріп, бас жүлдені олжаласа, 49 килода Қарағанды облысының спортшысы Дарья Балабанюк Қазақстан чемпионы атанды. Ол қоссайыста 153 (70+83) кило зілтемірді бағындырды.
Ерлер бәсекесінде (55 кило) былтырғы әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпазы Арли Чонтей топ жарды. Ол екі жаттығуда 236 (109+127) килоны басынан асыра көтеріп, өз мықтылығын дәлелдеді. Шымкент қаласы атынан бақ сынаған А.Чонтей Ташкенттегі әлемдік додада 260 килоны көтерген еді.