Қазақстан • 20 Сәуір, 2022

Қазақстан мен Ресей арасында автобус бағыттары қайта жанданады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 сәуірден бастап Омбыдан Павлодарға, Көкшетауға, Петропавлға және кері бағыттағы автобус рейстерін орындау қайта басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Ресей арасында автобус бағыттары қайта жанданады

«Омскоблавтотранс» АҚ Қазақстан Республикасына халықаралық маршруттарға қызмет көрсетуді жаңартады. Рейстер күн сайын орындалады», делінген Омбы облысы үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жол жүру құны:

  • Омбыдан Павлодарға: 1400 рубль немесе 7733 теңге.
  • Омбыдан Көкшетауға: 953 рубль немесе 5264 теңге.
  • Омбыдан Петропавлға: 550 рубль немесе 3038 теңге.

Қазақстанға кіру үшін шекарадан өту сәтінде коронавирусқа теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамасын ұсыну қажет.

Ресейдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кіретін ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Қазақстанның азаматтары коронавирусқа тест тапсырмауы және тиісті сауалнаманы толтырмауы мүмкін.