Әлем • 20 Сәуір, 2022

Нигерияда жол апатынан 20 адам қайтыс болды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Африкада ірі жол апаты болды. Апат салдарынан автобустың барлық 20 жолаушысы қаза тапты, оның ішінде төрт бала болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нигерияда жол апатынан 20 адам қайтыс болды

Жергілікті Daily Post газетінің хабарлауынша, Нигерияда Баучи-Кано тас жолында екі коммерциялық автобус соқтығысқан.

Полицияның мәліметінше, Volkswagen Golf 3 пен Sharon маркалы шағын автобусының соқтығысуы салдарынан өрт шыққан. Автобустарда барлығы 21 адам болды, олардың 20-сы тірідей жанып қайтыс болды.

Полицейлердің айтуынша, апаттан тек автобус жүргізушісі аман қалып, ауруханаға жеткізілген.

Қайтыс болған жолаушылардың ішінде төрт бала бар. Полицейлердің пікірінше, жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі - жол жүру ережелерін елемеу.