Бейбіт митинг әкімдіктің рұқсатымен ұйымдастырылған. Жиында зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, журналистер сөз сөйледі. Олар бірнеше рет жабылған Торғай облысын қайта құру жөніндегі ұсыныстарын ортаға тастады. Бұрынғы облыстың қазіргі жағдайын сынға алды. Сондай-ақ күрделі мәселелердің шешу жолын ұсынды.
Іс-шара негізінде арнайы қарар әзірленетін болды. Оған митингте айтылған орамды ойлар мен тың ұсыныстар және көпшіліктің пікірі енгізіледі.
Жүйелі ұйымдастырылған бейбіт митинг белгіленген уақытта аяқталды. Жиылған халықтың бір бөлігі елордадағы Амангелді Иманов атындағы көшеде сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Айта кетсек, Торғай облысы 1970 жылдың қараша айында Қазақ КСР құрамындағы Қостанай мен Ақмола облысының кей аудандарын біріктіру арқылы құрылған. Облыс 1988 жылы таратылып, 1990 жылы қайта құрылған еді. Ал арада 7 жыл өткен соң Торғай облысы қайтадан таратылған.