Аймақтар • 20 Сәуір, 2022

Қазақстан бойынша жылу беру маусымы қашан аяқталады

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазірге өңірлерде жылыту маусымы кезең-кезеңімен тоқтатылып жатыр. Десе де, маусымдық жұмыс мәресіне жетпеген аймақтар да бар. Мәселен, Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жылыту маусымы сәуір айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан бойынша жылу беру маусымы қашан аяқталады

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2021-2022 жылдың жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталды. Шаһарда жылыту маусымы өткен жылдың 15 қазанында басталған болатын.

Сондай-ақ Алматыда 5 сәуір күні, БҚО-да 12 сәуір күні жылыту маусымы аяқталды. Ал, Елордада жылу беру маусымы 18 сәуірден тоқтатыла бастады.

Еске салайық, жылумен жабдықтаушы компаниялар әдетте орташа тәуліктік температура үш күн бойы +10 градус болған кезде жылу беруді тоқтатады.