Президент • 20 Сәуір, 2022

Президент Виктор Зайберттің жақындарына көңіл айтты

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекі археолог ғалым, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Виктор Зайберттің жақындарына көңіл айтты

«Виктор Федорович бүкіл саналы ғұмырын археологиялық және қазба жұмыстарына, дала өркениетін зерттеуге арнады. Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы бірегей жаңалықтардың мәні мен маңызы, қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету және өсіру жөніндегі құнды деректер археолог ғалымның атымен тікелей байланысты.

В.Зайберт артына құнды ғылыми мұраларын қалдырды. Ол әріптестерінің арасында зор беделге ие болды. Сондай-ақ жас ғалымдарға үлгі-өнеге көрсетті», делінген Президент жолдаған жеделхатта.