Қазақстан • 20 Сәуір, 2022

Қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселе қалай шешіледі?

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Қырғызстанның Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев онлайн-келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселе қалай шешіледі?

Қырғызстанның Министрлер Кабинеті атап өткендей, іске асырылатын шаралар шекарадағы жүк көліктерінің кезегін азайтуы керек.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қырғызстаннан тасымалданатын тауарларға электрондық шот-фактураларсыз жүк көліктерінің шығуына жол бермейді.

Қазақстан Республикасының МКК ЕАЭО елдеріне транзитпен өтетін электрондық шот-фактуралары бар жүк көліктерін тексермейді.

Қырғызстан мен Қазақстан МКК салық қызметінің басшылығы WhatsApp-та топ құрады, онда жүк көліктерін қайтару кезінде себептері мен басқа да егжей-тегжейлері хабарланады.

Жақын күндері қазақ-қырғыз шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісін жою үшін екі елдің шекара қызметтерінің жұмысы күшейтіледі.

Наурыз айында бейнеконференция режимінде келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Қырғызстан шекарада жүк көліктерінің жиналуына жол бермеуге келісті.

Ақпан айында қырғызстандық тасымалдаушылар Қазақстанның кеденшілері шекарада «негізсіз» тексерулер жүргізіп жатыр деп шағымданған болатын.