Оқиға • 20 Сәуір, 2022

Алматыда сауда орталығына «жарылғыш зат» қойылған

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы ірі сауда орталықтарының бірінен адамдар эвакуацияланды. Қаланың төтенше және жедел қызметтері жарылғыш зат туралы хабарға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда сауда орталығына «жарылғыш зат» қойылған

«Forum» сауда-ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар Алматы қалалық полиция департаментіне түскен.

«Қазіргі уақытта қаланың төтенше жағдайлар қызметі эвакуациялау және тексеру шараларын ұйымдастырды. Саперлер жұмылдырылады. Сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері қауіпсіз жерге эвакуацияланды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.