Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиевтың мәліметінше, бүгін, 20 сәуірде халықаралық жолаушылар пойызы жолға шығады.
«Атырау қаласынан шығатын жолаушылар пойызы жұп күндері жүреді. Ал Ресейдегі Астрахань қаласынан тақ күндері қатынайды. Пойыз Атыраудан жергілікті уақытпен сағат 22:45-те қозғалады. Жүру ұзақтығы – 12 сағат 17 минут. Билет бағасы 13 мың 400 теңгеден басталады», дейді С. Айтқалиев.
Оның айтуынша, бұл пойыз бұрын да жүрген. Бірақ коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты тоқтап қалған еді.
Сондай-ақ былтырдан бері Атырау қаласынан Құрманғазы ауданындағы Д. Нұрпейісова теміржол бекетіне дейін баратын жолаушылар пойызы кестеге сәйкес қатынайды.