Қаржы • 20 Сәуір, 2022

Базалық мөлшерлеме деңгейі қайта қаралады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Базалық мөлшерлеме деңгейін қайтадан қарау керек. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.



Базалық мөлшерлеме деңгейі қайта қаралады

«Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, базалық мөлшерлеме деңгейін қайта қарауы керек», деді Е. Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына.

Осы орайда ол бұл мәселені депутаттар да көтергенін атап өтті.

«Базалық мөлшерлеме экономикадағы барлық ставкаға ықпал етеді, оның ішінде депозиттер, несиелер, купонды бағалы қағаздар мен басқалары бойынша әсері бар. Бір жағынан Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін жоғары деңгейде ұстап тұру керек екенін алға тартса, біз оның деңгейін қайта қарау керек екенін айтып отырмыз. Себебі қазір теңгенің долларға қатысты бағамы тұрақтанып, бұрынғы деңгейінде қалыптаса бастады», деді министр.

Бұл тұрғыда ол экономиканың өсімін қамтамасыз ету үшін тиісті трендті құру қадамдарына көшудің маңыздылығын айтты.

«Тиісті пайыздық мөлшерлемесіз экономиканы несиелеуге қаражатты тарта алмаймыз. Сондықтан аталған деңгейді төмендеткен дұрыс болады», деді Е. Жамаубаев.