Мейіржан Шермаханбет 67 кило салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Рю Хансуды уақытынан бұрын таза жеңіспен жеңді.
Айта кетсек, Мейіржан Шермаханбет ширек финалда үндістандық, ал жартылай финалда өзбекстандық қарсыластарының жауырынын жерге тигізді.
Ал 60 килода жұбаныш белдесуінде бақ сынаған Ернұр Фидахметов қарсыласынан басым түсіп, ел қоржынына екінші қоланы әкелді.