Теннис • 20 Сәуір, 2022

Александр Бублик Барселона турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Барселона ATP 500 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик Барселона турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

Осы жарыстың 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастады. Дүниежүзілік рейтингте 73-орында тұрған финляндиялық Эмил Руусувуори осал теннисші еместігін бірден байқатты.

Эмил бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланса, Бубликте ондай мүмкіндік болған жоқ. Қарсыластар екі-екіден эйс жасады.

Фин теннисшісі жүлде қоры 2,6 млн еуродан асатын доданың үшінші айналымында әлемнің 7-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен шеберлік байқасады.