10 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №790

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалаларын аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалалары аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 8 сәуір.  №790