Қазақстан • 20 Сәуір, 2022

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды

«19 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы «Немқұрайлылық» бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы УҰИ-ға қамауға алынды», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайдар Қарақұловты қызметінен босатқаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы 26 тамызда Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Оқиға салдарынан 17 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар

Әзірет сұлтан әлемі

Руханият • Бүгін, 08:10

Ізденген жетер мұратқа

Ғылым • Бүгін, 08:05

Стартаптың тың мүмкіндігі

Ғылым • Бүгін, 08:02

Кәсіпкерлер қанаты құрылды

Саясат • Бүгін, 07:55