Аталған руханият жәрмеңкесі Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО Халықаралық көрме орталығында басталды. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екидже, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш және Ресей Кітап баспагерлері қауымдастығының президенті Константин Чеченев салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, айтулы шараны ашып берді.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»
Бұл кітап жәрмеңкесін бас болып ұйымдастырған «Фолиант» баспасы екенін айта кеткен жөн. Аталған іс-шараға бұл баспадан сырт еліміздегі KS Production, Qasym баспа үйі, Qyr Balasy қоғамдық қоры, Steppe&World баспа үйі, «Атамұра» корпорациясы, «Мазмұндама» қоғамдық қоры сияқты баспалардың әртүрлі жанрдағы кітаптары мен Ресейлік А+А баспа орталығы, Alter Ego, «Белый город» сауда үйі қатарлы 20-дан астам баспа ұйымдары қатысты. Сондай-ақ Түркиялық Damla Publishing баспасы, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени бөлімі қатарлы алыстан келген кітап баспа орталықтары да өз өнімдерін көрме аясында оқырманға көрсетті.
Көрмені ұйымдастырушы «Фолиант» баспасы қазақ редакциясының бас редакторы Фарида Рахымжанқызы: «Бұл кітап жәрмеңкесі 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Пандемияға байланысты екі жыл тоқтап қалып еді, биыл міне тағы да ұйымдастырып отырмыз. «Фолиант» баспасы кітап нарығында 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдардың ішінде халықаралық кітап жәрмеңкелеріне қатысып жүр. Әлемдік көрмелерге қатысу барысында неге біздің елде осындай кітап көрмесін өткізбеске деген ойдың жетегімен осындай көрмені өткізуді қолға алды. Бұл көрменің мақсаты – осы кітап нарығындағы барлық ұйымдарды, баспагерлерді, ақын-жазушыларды бір алаңға жинау, шетелдік және қазақстандық баспалардың арасында ынтымақтастық орнату» деген пікірімен бөлісті. Осы көрме-жәрмеңке аясында Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітабы» мен Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» кітабы авторлардың өз қолтаңбасымен оқырманға сатылды. Сонымен бірге, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықовтың «Ұлы дала құндылықтары», жазушы Мәди Айымбетовтің «Бопай ханым» атты романының, «Атамұра» баспасынан шыққан «Балалар поэзиясының антологиясы» секілді кітаптардың таныстырылымы өтті.
Осы көрмеге қатысқан Steppe & World баспа үйінің директоры Раиса Сайран Қадыр: «Қазақ баспа индустриясы дамып, ілгерілеп келе жатқанына қуаныштымын. Жас ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Еліміздің жазушыларының кітаптары және әлем әдебиеті қазақ тілінде молымен шыққаны күнделікті нормаға айналуы тиіс. Балалар әлем әдебиетін ана тілінде оқу құқығын талап етуі керек. Осы көрмені ұйымдастыруға ат салысқан әріптес «Фолиант» баспасына алғысымды білдіремін», деді. Аталған кітап көрме-жәрмеңкесі 20-24 сәуір аралығында жалғасады. Әрине, осындай игілікті іс-шараны ұйымдастырып, бүкіл шығынын өз мойнына алған «Фолиант» баспа үйіне алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Кітабымыз көп болсын, кітап оқитындардың қатары сиремесін.
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:52
Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Министрлік жол сапасына қатысты сынға жауап берді
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Экономика • Бүгін, 16:15
Арнайы ХҚКО қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Қоғам • Бүгін, 16:04
Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды
Қазақстан • Бүгін, 15:57
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Ұқсас жаңалықтар