Қазақстан • 21 Сәуір, 2022

Асхат Аймағамбетов өртенген мектеп оқиғасына қатысты пікір білдірді

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы білім ордаларында өртке қарсы тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Сенатта тілшілерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов өртенген мектеп оқиғасына қатысты пікір білдірді

«Мұның бірінші жағдай еместігін айту керек. Сондықтан біз барлық оқыту ұйымдарына толық тексеру жүргізуді тапсырдық. Себебі өртке қарсы шаралар сақталуы тиіс. Мектеп пайдалануға берілгенде, жөндеуден кейін және жаңа оқу жылы басталар алдында міндетті түрде актілер болуы керек. Оның ішінде өртке қарсы қызметтерден де болуы қажет. Сондықтан менің ойымша, мұндай анықтамалар мен актілер болды, енді өрттің неден туындағанын білу үшін тергеу жүргізілетін болады. Менде бар ақпаратқа сәйкес, күйік алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тек бір мұғалім осы жағдайға байланысты психологиялық проблемаға ұшырады. Оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», деді А. Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр оқушылардың сабақты қалай жалғастыратыны жөнінде де айтты.

«Қазір ғимараттың өзіне толық тексеру жүргізіледі. Тиісті қызметтер өрттің себебін анықтайды. Егер әрі қарай оқуға еш қауіп болмаса, балалар оқуын жалғастыра алады. Әзірге олар уақытша қашықтан оқи алады. Ал ғимараттың жарамсыз екені анықталса, әкімдік бұл балалардың оқуын басқа ұйымдарда жалғастыру шараларын қарастырады», деді ол.

Еске сала кетейік, Павлодар облысындағы мектептен өрт шығып, 551 бала эвакуацияланды, бір мұғалім зардап шекті. Оқиға орнына ТЖД 50 қызметкері және 12 бірлік техника, АМО ФМУ - 4 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025